Қазақстанға Су-30СМ жойғыштарының төртінші буыны әкелінді

885

Қазақстанға Су-30СМ жойғыштарының төртінші буыны әкелінді

Қарулы Күштердің жауынгерлік құрамы 4++ үлгідегі СУ-30СМ заманауи көп функционалды жойғыштарының кезекті партиясымен толықты. Өзінің ұшу және тактика-техникалық сипаттамалары бойынша бүгінгі таңда әлемдік ғылыми-техникалық ілгерілеудің шыңында әуе құрастыру саласындағы 5-ші үлгідегі ұшақтарға шындап жақындатылған, деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Ұшақ қарсыластың ақпараттық және атыспен қарсы іс-қимыл жасау жағдайында тәулік бойы, кез келген ауа райында базадан едәуір қашықтықта жауынгерлік тапсырмалардың кең спектрін орындауға қабілетті. Су-30СМ әуе нысаналарын, сондай-ақ, жерүсті және суүсті объектілерді жою бойынша тапсырмаларды шешеді. Қару-жарақтың кең түрімен және борттық радиоэлектронды құрылғының заманауи кешенімен жабдықталған.

"Аталмыш жойғышты ойдағыдай меңгеру үшін техниканың қыр-сырын жақсы біліп, ұдайы өзін-өзі жетілдіріп отыру қажет. Бір жарым жыл ішінде ұшқыштар аталған ұшақты сәтті игерді. Бұған дәлел ретінде бірқатар оқу-жаттығуларға қатысуын атап өтуге болады. Су жаңа авиациялық техниканың жеткізілуі жалпы алғанда, Қазақстан Қарулы Күштерінің ұшулар қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді", – деп авиациялық база командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары подполковник Теміртас Ыбыраев атап өтті.  

Су-30СМ ұшақтарының алғашқы легі Қазақстан Әскери-әуе күштерінің жарақтандырылуына 2015 жылы бұдан бұрын Қазақстан мен Ресей қорғаныс ведомстволарының басшылары арасында қол жеткізілген уағдаластық шеңберінде келіп түскенін естеріңізге сала кетейік.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу