Қазақстанға тауық жұмыртқасын әкелуге тыйым салынды

183

Министрліктің бұйрығы 11 желтоқсанда күшіне енді.  

Қазақстанға тауық жұмыртқасын әкелуге тыйым салынды Фото: eldala.kz

Ауыл шаруашылығы министрлігі отандық өндірушілерді қолдау үшін ЕАЭО және үшінші елдерден тауық жұмыртқасын әкелуге уақытша тыйым салды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Қазақстан аумағына аумағына барлық көлік түрлерімен үшінші елдерден және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен тауық жұмыртқаларын (СЭҚ ТН: 040721) әкелуге 1 ай мерзімге уақытша тыйым салынды", – делінген АШМ хабарламасында.

Бірақ бұл тыйым Қазақстан арқылы транзитке, сондай-ақ тауар ЕАЭО-ның бір елінен екінші еліне өтіп жатса қолданылмайды.

АШМ тағамға қолданылатын жұмыртқа импортына уақытша тыйым отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында енгізіліп жатқанын атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу