Қазақстаннан Арменияға бітімгерлер жіберілмейді

615

Ереванның бастамасы бойынша сейсенбіде ҰҚШҰ Ұжымдық Қауіпсіздік Кеңесінің кезектен тыс сессиясы шақырылып, онда Арменияға ҰҚШҰ миссиясын жіберу туралы шешім қабылданды.

Қазақстаннан Арменияға бітімгерлер жіберілмейді

Қырғыз тарапының аумақты босату туралы заңды талаптарын елемей, тәжік шекарашылары оқ жаудырған, деп хабарлайды Қырғызстан МҰҚК ШҚ. 

Бұған жауап ретінде Қырғызстан МҰҚК ШҚ шекарашылары да қару қолданды. Шекара жасақтары арасында атыс басталды, оның барысында тәжік тарапы миномет қолданды.

09:30-даға жағдай бойынша атыс оқтын-оқтын басталып, басылады.

Алдын ала мәліметтер бойынша, қырғыз тарапынан зардап шеккендер мен жараланғандар жоқ.

Екі елдің шекара қызметі облыстық басқармаларының бастықтары арасында жанжалдың ушығуына жол бермеу бойынша телефон арқылы келіссөздер жүргізді.

Қазіргі уақытта Бұлақ-Башы аумағындағы қызрғыз-тәжік шекарасында атыс тоқтатылды. Баткен облысының (Қырғызстан) басшылары Әбдікәрім Әлімбаев пен Соғды облысының (Тәжікстан) басшылары Раджаббой Ахмадзода жағдайды реттеу үшін телефон арқылы байланысқа шықты. 

Шекара өкілдері оқиға орнында келіссөздер жүргізуде. Қырғызстан МҰҚК Шекара қызметінің мәліметінше, зардап шеккендер жоқ. Қырғыз-тәжік шекарасының басқа учаскелерінде жағдай тыныш.

Динара Мұрат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу