Қазақстаннан барған қыз Нью-Йорк метросында 10 мың долларын жоғалтып алды

830

Жерлесіміздің айтуынша, ол өз ақшасын балаларға Рождество мерекесіне орай сыйлықтар алуға жұмсамақ болған. 

Қазақстаннан барған қыз Нью-Йорк метросында 10 мың долларын жоғалтып алды

Қазақстан тұрғыны Нью-Йорктегі метрода ақша толы сөмкесін жоғалтып алған. Ал АҚШ азаматы оны иесіне қайтарып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат CBS New York басылымына сілтеме жасап.

Жоғары Вест-Сайд тұрғыны, АҚШ азаматы Ричард Таверна Нью-Йорктегі метроның платформасында ірі көлемде ақша салынған сөмке тауып алған. Сөмкедегі ақшаның көлемі 10 мың АҚШ долларын құрайды, деп жазады америкалық басылым.

Кейінірек сөмкенің иесі Қазақстан тұрғыны Айя Төлемағанбетова екені анықталды.

Жерлесіміздің айтуынша, ол өз ақшасын балаларға Рождество мерекесіне орай сыйлықтар алуға жұмсамақ болған. Бұл өткен айда болған оқиға, алайда ол туралы кеше ғана мәлім болды. Ричард Таверна өзі тауып алған затты қалай болғанда да иесіне қайтару қажет деп шешкен. Ол заттың иесін тауып алып, оның ішіндегінің барлығын толығымен иесіне қайтарып берген.

"Ричард ары таза, кеңпейіл азамат болып шықты. Оның бұл әрекеті менің америкалықтарға деген көзқарасымды өзгертті", -- дейді Айя Төлемағанбетова.

АҚШ азаматының осы әрекетіне ризашылық ретінде ол 10 мың доллардың 1 мың долларын қайырымдылық шарасына жұмсап, Ричардқа "Алтын адамның" мүсінін сыйға тартқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу