Қазақстаннан 56 автокөлікті заңсыз шығарып, шетелде сатқан қылмыстық топ құрықталды

827

Қылмыстық әрекетті тоқтату мақсатында ІІМ бір уақытта 10 өңірде жедел іс-шаралар жүргізді.

Қазақстаннан 56 автокөлікті заңсыз шығарып, шетелде сатқан қылмыстық топ құрықталды Фото: polisia.kz

Күдіктілер екінші деңгейлі банктер мен микроқаржы ұйымдары арқылы жалған тұлғалардың атына автокөліктерді кепілге рәсімдеген. Кейін көліктерді Қазақстан аумағынан тыс жерлерге шығарып, қайта сатқан, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Алдын ала мәлімет бойынша, осындай жолмен шетелге 56 автокөлік шығарылған.

Арнайы операция барысында 48 адам полицияға жеткізілді. Олардың ішінде қылмыстық топты ұйымдастырды деген күдікке ілінген 6 адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Жүргізілген іс-шаралар қылмыстық топтың одан әрі әрекет етуіне тосқауыл қойып, алаяқтықтың жаңа деректерінің алдын алуға мүмкіндік берді.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып, шетелге шығарылған автокөліктерді іздестіру шаралары қабылданып жатыр. Тергеу барысы ІІМ-нің бақылауында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу