Шетелден Қазақстанға 15,9 млрд теңге түскен. Осылайша, сыртқа аударылған және елге келген қаражат арасындағы айырмашылық 40,5 млрд теңгені құрады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Былтыр шілдеде шетелге 70,4 млрд теңге аударылған. Демек, бір жыл ішінде бұл көрсеткіш 20%-ға немесе 14,1 млрд теңгеге төмендеген. Ал шетелден Қазақстанға түскен ақша көлемі 21,3 млрд теңгеден 15,9 млрд теңгеге дейін азайып, 25,1%-ға қысқарған.
Сонымен қатар ақша аударымдары бойынша операциялар саны да 9,6%-ға төмендеді. Бір жыл бұрын 139,6 мың операция жасалса, биыл шілдеде бұл көрсеткіш 126,2 мың болды.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстаннан ең көп ақша аударылатын ел Ресей болса, қазір бұл көрсеткіш бойынша АҚШ бірінші орынға шықты.