Қазақстаннан сыртқы нарықтарға күнбағыс майын жеткізу 2,5 есе артты

723

2022 жылғы қаңтар–қыркүйекте елімізде 422,1 мың тонна тазартылған және тазартылмаған өсімдік майы өндірілді.  

Қазақстаннан сыртқы нарықтарға күнбағыс майын жеткізу 2,5 есе артты Фото: inbusiness.kz

Биылғы 9 айда, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда елімізде өсімдік майы 25,3% - ға артық өндірілген деп жазады, inbusiness.kz energyprom.kz порталына сілтеме жасап.

Портал дерегінше, өңірлік бөліністе ең көп өнім өндірген Шығыс Қазақстан облысы, 181 мың тонна, жыл ішіндегі өсім 16%. Жетекші өңірлер үштігінде Абай облысы - 61,7 мың тонна және Шымкент қаласы, 41,6 мың тонна өнім алған, өндіріс 29,1% азайған.

Жалпы, 2021 жылы елімізде 430,2 мың тонна май өндірілді, бір жыл бұрынғыдан 11,3%-ға аз. Сектордағы өндірістің 83,5% — ы тазартылмаған (247,7 мың тонна, өткен жылмен салыстырғанда 89,1% - ға артық) және тазартылған (104,7 мың тонна, 4,6% азайған) күнбағыс майына тиесілі.

Өсімдік майының басқа түрлерінің арасында тазартылған және тазартылмаған рапс майы (бір жылда 9,9%, 23,6 мың тоннаға дейін ұлғайды) және мақсары майы (2%, 1,4 мың тоннаға дейін артты) сияқты санаттарда өндіріс көлемі өсті.

Тазартылған және тазартылмаған соя майы (39,5% - ға, 8,8 мың тоннаға дейін), сондай-ақ мақта майының (22,8% - ға, 6 мың тоннаға дейін) өндірісі айтарлықтай қысқарды.

Биылғы қаңтар-тамыз айларының қорытындысы бойынша жергілікті компаниялар өсімдік майына сұранысты (ішкі нарықта өткізу және экспорт) 81,2% - ға қамтамасыз етті. Бір жыл бұрын қамту - 78,4% еді.

Осы кезеңде жергілікті өндіріс 19,3% - ға, 369,8 мың тоннаға дейін өсті. Импорт, керісінше, 0,2%, 85,4 мың тоннаға дейін қысқарды. Импорт үлесі 18,8% болды, бір жыл бұрын 21,6% болған еді.

Есесіне экспорты бірден 1,9 есеге, 201,4 мың тоннаға дейін өсіп, 44,2% болды, бір жыл бұрын-26,6% еді. Ішкі нарықта өсімдік майларының барлық түрін сату 253,8 мың тоннаны құрады, өткен жылмен салыстырғанда 12,6% - ға аз.

Жергілікті компаниялар күнбағыс майына сұранысты  82,7% - ға қамтамасыз етті, бір жыл бұрын 79,2% еді. Импорт сәйкесінше 17,3%-ды құрады.

Украинадағы соғысқа байланысты жеткізу желілері бұзылғаннан еліміз үшін жаңа экспорттық бағыттар пайда болды. Шығыс Қазақстанның май өндірушілері биыл алғаш рет Еуропа нарығына шықты. Украина соғысқа байланысты күнбағыс майын өндіру басымдығынан айырылды, ал Ресей санкцияларға байланысты әдеттегі тұтынушыларынан айырылды. Енді бұл тауашаны Қазақстан игеруде.

Ағымдағы жылдың қыркүйегінде өсімдік майының бағасы бір жылда 16,6% - ға өсті. Оның ішінде күнбағыс майы жылдық динамикада 16,4% — ға, зәйтүн майы 22% - ға қымбаттады.

Маңғыстау облысының тұрғындары өсімдік майы бағасының қымбаттағанын қатты сезді: бір жылда 23,9% - ға өсті. Антилидерлер үштігінде Алматы облысы (бір жылда 23,8%) және Алматы (23,4%) кірді. Жыл ішінде өсімдік майы бағасы ең аз өскен өңір – елорда, 7,1%-ға өсті.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу