Қазақстаннан Түркияға барлығы 250 тоннаға жуық гуманитарлық көмек жөнелтіледі

643

Түркия Республикасының Қазақстандағы елшісі Уфук Екиджи мырза Астана қаласында БАҚ өкілдерімен кездесу өткізді.  

Қазақстаннан Түркияға барлығы 250 тоннаға жуық гуманитарлық көмек жөнелтіледі Фото: BaigeNews.kz

Баспасөз конференциясы барысында елші өткен аптада Қазақстаннан 55 тонна гуманитарлық көмек жіберілгенін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қазақстанға еріктілер әкелген гуманитарлық көмек Ұлттық ұланның еншілігіндегі ұшақтардың көмегімен кезек-кезегімен жіберіліп жатыр. Бүгін оның бір бөлігі Астана қаласынан ұшырылды, ертең тағы бір ұшақ жіберіледі.

"Жалпы Қазақстаннан барлығы 250 тоннаға жуық гуманитарлық көмек жіберілетін болады. Қазір ең қажетті заттар - шатырлар, төсек-орын, көрпелер мен жылытқыш құрылғылар", - деді Уфук Екиджи мырза.

Сөз соңында Түркия елшісі Қазақстан үкіметіне, еріктілер қоғамдастығына, жалпы барша қазақстандықтарға өз алғысын білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу