Қазақстаннан тыс жерде жүрген 80 қылмыскер анықталып, 47-сі ұсталды

99

Сонымен қатар республика аумағында шет мемлекеттердің бастамасымен іздеуде жүрген 371 адамның жүрген жері белгілі болды.  

Қазақстаннан тыс жерде жүрген 80 қылмыскер анықталып, 47-сі ұсталды Фото: polisia.kz

Олардың 107-сі қолға түсті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Астанада криминалдық полиция қызметкерлері аса ірі көлемдегі алаяқтық ісі бойынша мемлекетаралық іздеуде жүрген күдіктіні ұстады. Тергеу мәліметіне сәйкес, ол Алматы қаласында тұрғын үй кешенін салу сылтауымен үлескерлердің ақшасын заңсыз иемденген. Келтірілген шығын көлемі шамамен 1,5 миллиард теңгені құрайды.

Алматыда Қазақстан Республикасы ІІМ Интерпол ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша Хорватияның құқық қорғау органдарымен халықаралық іздеуге жарияланған шетел азаматы ұсталды. Ол ақша жымқыру және оны заңдастырумен айналысқан қылмыстық топты ұйымдастырды деген күдікке ілінген. Алдын ала мәлімет бойынша келтірілген шығын көлемі шамамен 30 миллион еуроны құрайды.

Тбилисиде Қазақстан ІІМ-нің сұрауы бойынша халықаралық іздеуде жүрген ҚР азаматы ұсталды. Қазіргі уақытта оны елге экстрадициялау мәселесі қарастырылып жатыр. Ол автокөлік сату барысында бірнеше алаяқтық әрекет жасап, жәбірленушілерге 118 миллион теңгеден астам шығын келтірді деген күдікке ілінген.

Молдова аумағында Қазақстанның құқық қорғау органдарының бастамасымен халықаралық іздеуде жүрген шетел азаматы ұсталды. Тергеу мәліметінше, ол Қарағанды облысындағы есірткі зертханасының қызметін криптовалюта аударымдары мен мессенджерлер арқылы үйлестіріп, қаржыландырған. Бұған дейін аталған зертхана жойылып, заңсыз айналымнан есірткі заттары, жабдықтар және прекурсорлар тәркіленген болатын.

Ішкі істер министрлігі қылмыстық жауапкершіліктен жасырынып жүрген адамдарды анықтау, іздестіру және ұстау жұмыстарын ел аумағында да, шетелде де жалғастыратын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу