Қазақстанның 2026 жылға дейінгі Инвестициялық саясаты тұжырымдамасы бекітілді

620

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов бұл құжат ел экономикасына тартылатын инвестициялардың өсуіне айтарлықтай ықпал ететін мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

Қазақстанның 2026 жылға дейінгі Инвестициялық саясаты тұжырымдамасы бекітілді

"Инвестициялар өсімінің пандемияға дейінгі деңгейіне жеттік. Биылғы жылдың 5 айында негізгі капиталға салынған инвестициялар 2,5%-ға өсіп, 4,1 трлн теңгені құрады", – деді Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі.

Әлихан Смайыловтың айтуынша, биыл аймақтар бойынша Ақмола облысы, Шымкент және Алматы қалаларында негізгі капиталға салынған инвестициялар өскен. Алайда Түркістан және Қарағанды облыстарында бұл көрсеткіш айтарлықтай төмендеген. 

Салалар бойынша тікелей шетелдік инвестициялардың ең көп өсімі өнеркәсіп, сауда, қаржы және сақтандыру, көлік пен құрылыс саласында тіркелген. 

"Экономиканың шикізаттық емес секторларында инвестициялық жобаларды қаржыландыру көздерін кеңейту керек. Ұсынылып отырған Инвестициялық саясат тұжырымдамасы экономиканы дамытудың және халықтың әл-ауқатын арттырудың драйверіне айналатын жаңа инвестициялық циклдің бастауы болуы тиіс. Тұжырымдамада 2026-шы жылы негізгі капиталға инвестициялар деңгейін Жалпы ішкі өнімнің 25,1%-на дейін жеткізуді және тікелей шетелдік инвестициялар көлемін 25,5 млрд долларға дейін ұлғайтуды көздейтін ауқымды жоспарлар белгіленген", – деді Премьер-Министр. 

Үкімет мүшелері ұсынылған тұжырымдама жобасын қолдап дауыс берді.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу