2026 жылғы 22 қаңтар сағат 09:00-дегі жағдай бойынша Қазақстанның үш облысында республикалық маңызы бар 21 автожолда көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты "ҚазАвтоЖол" баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қозғалыс дизель қозғалтқышы бар автокөліктерге, сондай-ақ қоғамдық көлікке шектелді.
Солтүстік Қазақстан облысында барлық бағыт бойынша қозғалыс уақытша тоқтатылған.
Ақмола облысында:
- Астана – Көкшетау – Петропавл – РФ шекарасы, 304-341 және 856-915 шақырым аралығы;
- Көкшетау – Кішкенекөл – Бидайық – РФ шекарасы, 14-50 шақырым аралығы;
- Көкшетау – Рузаевка, 0-61 шақырым аралығы;
- Жезқазған – Арқалық – Петропавл, 552-595 шақырым аралығы.
Қостанай облысында:
- Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай – РФ шекарасы, 683-729 шақырым аралығы;
- Мәмлүт – Қостанай, 180-250 шақырым аралығы.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу