Қазақстанның 3 өңірінде мүгедектігі бар азаматтарға жаңа модель енгізілді

335

Оңалту құралдарын үздіксіз пайдалану мен сервистік қолдауды қамтамасыз етуге бағытталған.  

Қазақстанның 3 өңірінде мүгедектігі бар азаматтарға жаңа модель енгізілді Фото: rus.azattyq-ruhy.kz

Ақтөбе, Қарағанды және Павлодар облыстарында мүгедектігі бар азаматтарға арналған оңалтудың техникалық құралдарын қамтамасыз етудің жаңа сервистік моделі бойынша пилоттық жоба басталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жобаны Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ұлттық ғылыми орталығы өңір әкімдіктермен бірлесіп жүзеге асыруда.

Жоба 2025–2030 жылдарға арналған инклюзивтік саясат тұжырымдамасы аясында іске асырылып, техникалық құралдарды пайдалану барысында толық сервистік сүйемелдеуді көздейді. Негізгі мақсат – қызмет сапасын арттыру, құралдарды үздіксіз пайдалануды қамтамасыз ету және ресурстарды тиімді қолдану.

Жаңа модельге сәйкес, құрал бұзылған жағдайда азаматтар жөндеу кезеңінде құралсыз қалмайды. Мамандар тексеру жүргізіп, жөндеуді ұйымдастырады немесе қажет болса уақытша алмастыру құралын ұсынады. Қалпына келтіру мүмкін болмаса, жаңа құрал алынғанша уақытша пайдалану қарастырылады.

Балаларға берілетін құралдарға ерекше назар аударылған: егер ол баланың дене бітіміне сәйкес келмесе, мерзімінен бұрын ауыстыруға болады.

Барлық процесс цифрлық форматта жүргізіледі, бұл қызмет көрсетудің ашықтығы мен сапасын арттырады.

Пилоттық жоба алдымен арба және жүру құралдарын қамтиды, кейін басқа да техникалық құралдарға кезең-кезеңімен таратылады. Жобаға қатысу ерікті түрде жүзеге асады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу