Қазақстанның 4 өңірінде орман өрті болды

366

9 шілдеде Қазақстанның мемлекеттік орман қоры аумағында төрт орман өрті тіркелді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстанның 4 өңірінде орман өрті болды Фото: бейнежазбадан

Өрт оқиғалары Павлодар облысында, Наурызым мемлекеттік табиғи қорығында, "Баянауыл" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде және "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватында болған.

Өрт ошақтары "Қазавиаорманқорғау" РМК-ның әуе патрульдеуі, ерте анықтау жүйелері және мемлекеттік орман күзетінің бақылауы арқылы дер кезінде анықталды.

Ведомствоның мәліметінше, жедел қабылданған шаралардың нәтижесінде барлық өрт қысқа мерзім ішінде толықтай сөндірілді. Өртті ауыздықтауға мемлекеттік орман күзеті қызметкерлері, "Қазавиаорманқорғау" РМК-ның әуе өрт сөндіру десанттары, тікұшақтары мен арнайы техникасы жұмылдырылды.

Мамандар өрт қаупі жоғары кезеңде тұрғындарды, табиғат аясында демалушыларды және орман пайдаланушыларды өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу