Қазақстанның 467 азаматы Дубайдан Оман арқылы елге жеткізіледі

129

Бұл туралы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев айтты.

Қазақстанның 467 азаматы Дубайдан Оман арқылы елге жеткізіледі Фото: canva.com

Әлібек Бақаевтың айтуынша, әуе қатынасының шектеулі болуына байланысты Біріккен Араб Әмірліктері мен Қатарда жүрген Қазақстан азаматтары көршілес 2 ел аумағы арқылы шығарылады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

– Бүгін Дубайдан азаматтарымыз мінген автобустардың алғашқы легі Оман сұлтанатына жолға шықты. Осы күннің соңына дейін Қазақстанның 467 азаматын Оман сұлтандығынан Қазақстанға жеткізуді жоспарлап отырмыз, – деді ол Үкімет отырысынан кейін.

Министр орынбасары Қатардағы азаматтарымыз Сауд Арабиясының Жидда қаласына жеткізілетінін айтты.

– Адамдарды Қатардан автобус арқылы Эр-Ридяқа, одан Жиддаға жеткіземіз. Одан кейін Жиддадан әуе компанияларымыздың бортымен Қазақстанға оралады, – деді Әлібек Бақаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу