Қазақстанның 5 вокзалында пилоттық жоба енгізілді

795

Қазақстанның 5 вокзалында пилоттық жоба енгізілді

Қазақстан қауіпсіздік рейтингте 141 елдің арасында 72-ші орында. Қоғамдық орындарда қауіпсіздікті күшейту үшін "KIPOD" жүйесі пилоттық жоба ретінде енгізілген, деп хабарлайды Астана арнасы.

Бүгінде жүйе Астана мен Алматы, Қарағанды, Бурабай вокзалдарында сыналып жатыр. Ол санаулы секундтарда адамның бет-әлпетін танып, ол туралы жеке мәліметтерді шығара алады. Бұл туралы парламент сенаты конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің мүшелерінің көшпелі отырысында айтылды. 

Бейнебақылау камерасына іліккен күдікті дереу күштік құрылымдар базасы түседі. Оның тағы бір ерекшелігі - ұқсас адамдарды санаулы секундта тауып береді. Ол қауіпсіздік жүйелерімен бірігіп, жұмыс жүргізе алады. Жобаны толық жүзеге асырудың құны әзірге белгісіз. Бірақ мамандар мүмкіндігі жағынан тиімділігін дәлелдеді деп отыр.

"Бұл жоғарғы деңгейлі жүйе болмақ. Артықшылығы - қазір де бар бейнебақылауларды, өрт қауіпсіздіктері жүйесі, қажет болса, банк жүйесін бір арнаға біріктіре алады. Аталмыш жүйенің потенциалы мықты. Біз қазір қолданыстағы жүйелерге бәсекелестік жасауға емес, бірігуге мүмкіндік береміз. Бұл кез-келген органға бір ғана жерден қажетті ақпаратты беруге жол ашады", - дейді "KIPOD" жобасының жетекшісі Ростислав Коняшкин.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу