Қазақстанның 6 азаматы Газа секторынан елге әкелінді

313

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің үйлестіруімен және Иордания мен Израильдегі елшіліктерінің көмегімен Газа секторынан еліміздің 6 азаматы эвакуацияланды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қазақстанның 6 азаматы Газа секторынан елге әкелінді Фото: СІМ

Отандастарымыз шекаралық өткізу бекеттерінен өтіп, Амман қаласындағы Әлия патшайым атындағы халықаралық әуежайға жеткізілді, кейін Қазақстанға оралды.

Министрліктің мәліметінше, бұл операция Иордания Корольдігі билігімен сындарлы өзара іс-қимыл нәтижесінде жүзеге асты және шетелдегі азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қорғау – министрліктің басым бағыттарының бірі екенін дәлелдейді.

Қазақстанның Амман және Тель‑Авив қалаларындағы дипломатиялық өкілдіктері өңірдегі жағдайды мұқият бақылап, Газа секторы мен Палестинада жүрген азаматтармен тұрақты байланыс орнатып отыр.

Сыртқы істер министрлігі Иордания Корольдігі мен Израиль мемлекетінің билігіне, сондай-ақ Халықаралық Қызыл Крест ұйымына көрсеткен қолдауы үшін алғыс білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу