Қазақстанның 8 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

723

Қазақстанның 8 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

"Қазгидромет" РМК Қазақстанның 8 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады. Синоптиктердің болжамына қарағанда, дауыл тұру ықтималы 80-100% айналасында, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақмола облысында 7-8 маусым күндері түнде жел алдымен оңтүстік-батыстан, артынша солтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен еседі, күндіз өңірдің басым бөлігінде 15-20 м/с, ал екпіні 25 м/с-қа дейін жетеді. Кей жерлерде күн күркіреп, күндіз дауыл, шаңды дауыл соғуы мүмкін, бұршақ жаууы ықтимал.

Астанада 8 маусым күні күндіз жел оңтүстік-батыстан, солтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с, кейде 23 м/с-қа дейін жетеді. Таңертең және күндіз найзағай ойнап, дауыл соғады, шаңды дауыл тұруы, бұршақ жаууы мүмкін.

8 маусым күні Қостанай облысының кей жерлерінде күн күркіреуі мүмкін, жел батыстан, солтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады.

Оңтүстік-Қазақстан облысында 8 маусым күні таңертең және күндіз дауыл тұрып, найзағай жарқылдайды. Тәулік бойы кей жерлерде оңтүстік-батыстан, солтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен соққан желдің екпіні 25 м/с-қа дейін жетіп, шаңды дауылға айналуы мүмкін.

Шымкентте 8 маусым күні күндіз найзағай жарқылдап, оңтүстік-батыстан, артынша солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.

Болжам бойынша, 9 маусым күні Алматы және Жамбыл облыстарындағы, сондай-ақ Алматыдағы өзендерде, ал 10 маусымда Алматы облысының таулы аудандарында жауын-шашын болып, кей жерлерде күшейетіндіктен, су деңгейі көтеріліп, кей жерлерде арнасынан тасуы мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу