Қазақстанның айырбастау пункттеріндегі 2 мамырдағы валюта бағамы

501

Қазақстан қор биржасы (KASE) 2 мамырға арналған доллар бағамын белгіледі, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Қазақстанның айырбастау пункттеріндегі 2 мамырдағы валюта бағамы Фото: inbusiness.kz

Атап айтқанда, 1 доллар құны – 453,39 теңге, Ресей рублінің орташа сараланған бағамы – 5,63 теңге.

28 сәуір кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 3,01 теңгеге төмендеді – 453,21 теңге. Ресей валютасы 5,59 теңге болды.

Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 450-454 теңгеден сатылып жатыр. Ал, Алматыда доллар 450,5-454 теңге аралығында құбылып тұр.

Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасын 5,35-5,65 теңгеге сатып алуға болады. Астанада көрші ел валютасы 5,45-5,55 теңгеден саудаланып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу