Қазақстанның ақылы жолдарына 56 лазерлік құрылғы орнатылды

165

Жаңа құрылғылар түнгі уақытта жол бағытын көруге және қозғалыс қауіпсіздігін арттыруға көмектеседі.

Қазақстанның ақылы жолдарына 56 лазерлік құрылғы орнатылды Фото: ustinka.kz

Қазақстандағы 22 ақылы жол учаскесіне 56 лазерлік құрылғы орнатылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Дархан Иманашев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.

Оның айтуынша, лазерлік құрылғылар жүргізушілерге түнгі уақытта жолдың бағытын жақсырақ бағдарлауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар республикалық маңызы бар жолдарға 282 ауыспалы ақпараттық белгі мен 142 электрондық табло орнатылған. Тағы 110 құрылғыны орнату жұмыстары аяқталуға жақын.

Бұдан бөлек жол қоршауларына жарық шағылыстыратын элементтер қойылып, қарсы бағыттағы көліктердің жарығынан қорғайтын экрандар қолданылып жатыр.

– Электрондық таблолар мен ақылды жол белгілері арқылы жүргізушілерге көктайғақ, қар, қатты жел және қозғалысқа қойылған шектеулер туралы жедел ақпарат беріледі. Қажет болған жағдайда жылдамдықты төмендету жөнінде де ескерту жасалады, – деді Дархан Иманашев.

Бұл жүйелер жол жағдайы күрт өзгерген кезде жүргізушілерге дер кезінде ескерту жасауға мүмкіндік береді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу