Қазақстанның алты өңірінде 50 проблемалық нысан бар - energyprom.kz

482

Олардың басым бөлігі Елордада орналасқан.  

Қазақстанның алты өңірінде 50 проблемалық нысан бар - energyprom.kz Фото: khabar24.kz

Қазақстанның алты өңірінде 50 проблемалық нысан бар, деп жазады inbusiness.kz energyprom.kz сайтына сілтеме жасап.

Бүгінгі таңда жосықсыз құрылыс компаниялары мәселесі әлі де өзекті. Мысалы, Астанада 21 проблемалық нысан бар, Ақтөбе облысында – 11, Атырауда – 6, Маңғыстауда – 5, Ақмола облысында – 4, Алматыда – 3 нысан.

Ақпаратқа сәйкес, үлескерлердің алдауына түсіп қалмас үшін құрылыс компаниясының тарихын, оның нарықта жұмыс істеу мерзімін, дефолттардың бар-жоғын, басқа секторларда (инфрақұрылымдық немесе өнеркәсіптік) жобаларды жүзеге асыруын, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін зерттеген жөн.

2022 жылдың қаңтар-қараша айларында елімізде тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 432,2 мың мәмілесі жасалды. Бұл былтырғы жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 15,4%-ға аз. Осы аралықта республика бойынша тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің ең көп саны Алматы (64,6 мың) және Астана (60,5 мың) қалаларында тіркелді. Үздік бестік қатарына Қарағанды (56,2 мың мәміле), Маңғыстау (29,5 мың) және Алматы (26,3 мың) облыстары бар.

Ресурстың дерегінше, Астанада мемлекет қаражаты есебінен ұзақ мерзімді құрылыс мәселелері өз шешімін тауып келеді. Осыған дейін Елорда әкімдігі 150 көппәтерлі тұрғын үй кешенінің 120-сының құрылысы аяқталғанын хабарлаған болатын. Нәтижесінде мыңдаған тұрғын көптен күткен өз баспаналарына қол жеткізді. Тәуелсіздік күні тағы 300-ден астам отбасы пәтер кілттерін алды. Ал, қалған 15 нысан бойынша құрылыс қарқынын жылдамдату міндеті қойылған көрінеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу