31 шілде күні бір грамм алтын 58 524,25 теңгеге тұрақтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Таяуда World Gold Council ұйымы, яғни Дүниежүзілік алтын кеңесі кейінгі айда Қазақстанның алтын қоры 7,4 тоннаға артқанын мәлімдеді. Осылайша ел резервіндегі алтынның жалпы көлемі 298 тоннадан асқан.
Халықаралық валюта қоры мен Еуропалық орталық банкті есептемегенде Қазақстан алтын қоры бойынша 18-орында тұр.
Соңғы мәліметтерге сәйкес, өндірістің бар көлемін ескергенде, Қазақстандағы алтын қоры 30 жылға жетеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу