Қазақстанның алтын қоры өсті

1524

Қазақстанның алтын қоры 355 тоннадан асты, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Қазақстанның алтын қоры өсті Фото: uralskweek.kz

Дүниежүзілік Алтын кеңесінің мәліметі бойынша, наурыз айында елдің қымбат металл қоры 3,9 тоннаға толды. Ал бір ай бұрын оның көлемі 351,7 тонна болатын.

Қазақстан елдер бөлінісінде 15-орында (Халықаралық валюта қоры мен Еуропалық орталық банкті есепке алмағанда) тұр.

Дәстүрлі түрде АҚШ (8,1 мың тонна), Германия (3,3 мың тонна), Италия (2,45 мың тонна), Франция (2,43 мың тонна) және Ресей (2,2 мың тонна) көшбасшы болып саналады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу