Қазақстанның алтын-валюта қоры 33,6 млрд долларды құрады

1134

5 жылда 215 тонна бағалы металл сатып алынды. 

Қазақстанның алтын-валюта қоры 33,6 млрд долларды құрады

Пандемия нәтижесіндегі жаһандық тұрақсыздық пен экономикалық белсенділіктің төмендеуіне қарамастан Қазақстанның алтын-валюта қоры айтарлықтай көбейіп, қараша айындағы жағдай бойынша 33,6 млрд долларды құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 13,8%-ға жорғары, деп хабарлады finprom.kz. 

Қордың толығуы алтын портфелінің өсуімен айқындалады. 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда көрсеткіштер 26,9%-ға артып, ақшаға шаққанда  23,2 млрд долларды құрады.  2015 жылдан бері ел қорындағы алтынның үлесі белсенді түрде артуда. Биылғы жылдың қазан айындағы жағдай бойынша алтын-валюта қорындағы бағалы металлдың үлесі 69,1%-ды құрады. 

Сонымен қатар бұл көрсеткіштердің жақсаруы Ұлттық банктің белсенді түрде алтын сатып алуы мен портфельді әртараптандыру саясатына байланысты.  
Бұл ретте Реттеуші бағалы металлдың үлесінің арту порфельге 4 қағидат бойынша әсер ететінін алға тартады. Олар: 
- Ұзақ мерзімді пайда табуға әсер етеді; 
- Нарықтық кедергілер кезінде шығындарды азайтады және әртараптандырушы құрал ретінде қолданылады;
- Несиелік қатерсіз металлдың құнын жоғалтпауына ықпал етеді; 
- Портфельдің жалпы тиімділігін арттырады. 

Қазірдің өзінде әлемде алтын жақсы инвестиция саналады. Оған 2001-2019 жылдар аралығындағы инвестициялық сұраныстың артуы дәлел. Осы аралықта көрсеткіштер жылына орта есеппен 14%-ға өскен. Сонымен қатар аталған жылдары бағалы металл 4 есе қымбаттаған.  

АҚШ, Германия, Италия, Франция – бұл мемлекеттер алтын қоры бойынша әлемде көш бастап тұр. Ал елімізде рейтингтің 13-ші сатысында. Оған Ұлттық банктің соңғы бес жылда 215,2 тонна алтын сатып алуы әсер етті. 

Құралай Құдайберген
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу