Қазақстанның алтын-валюта қоры қазанда 3%-ға қысқарды

1400

Қазақстанның алтын-валюта қоры қазанда 3%-ға қысқарды

Қазақстанның алтын-валюта қоры, сондай-ақ Ұлттық банктің жалпы резерві және Ұлттық қордың қаражаты 2016 жылдың қазанындағы нәтиже бойынша $92,8 млрд құрады, деп мәлімдеді ҚР Ұлттық банкі.

Өткен айда Қазақстанның АВҚ 3%-ға қысқарған, ал жалпы жыл басынан бері 1,5%-ға өсіп отыр. Ай ішінде 3,6%-ға, жыл басынан бері 2,4%-ға қысқарған елдің Ұлттық қорының активтері $62,2 млрд құрап отыр.  Ұлттық банктің жалпы халықаралық резерві қазанда 2,2%-ға қысқарып, $30,5 млрд деңгейіне жетті (жыл басынан бері өсім 9,6% болды).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу