Қазақстанның АӨК өнімінің экспорты 7 млрд долларға жетті

317

Оның жартысынан көбі қайта өңделген өнімдер.  

Қазақстанның АӨК өнімінің экспорты 7 млрд долларға жетті Фото: egemen.kz

Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы барысында агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ынтымақтастық мәселелері қаралды, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Аграрлық күн тәртібінде үш негізгі бағыт көрсетілген. Олар: ЕАЭО нарығының негізгі өнім түрлерімен өзін-өзі қамтамасыз етуі, АӨК-те пайдаланылатын материалдық-техникалық ресурстардың импортын алмастыру және одаққа мүше мемлекеттердің ауыл шаруашылығын одан әрі дамыту тәсілдері.

Қазақстан әлемдегі жетекші астық экспорттаушылардың ондығына кіреді және агроөнеркәсіптік кешен өнімдерін сыртқы нарықтарға жеткізуді дәйекті түрде арттырып келеді.

"Біз астықтың негізгі экспорттаушыларының біріміз, алғашқы ондыққа кіреміз. Өткен жылдың қорытындысы бойынша АӨК өнімінің экспорты $7 млрд құрады, оның 51%-ы өңделген өнім, яғни ауыл шаруашылығындағы дайын өнімдер. Жалпы, біз алдағы уақытта АӨК өнімдерінің сыртқы елдерге экспорты көлемін кеңейтіп, қайта өңдеуді дамытатын боламыз", – деді Ауыл шаруашылығы вице-министрі Назгүл Хатепова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу