Қазақстанның әуе компаниялары ЕО-ның "қара тізімінен" шығарылуы мүмкін

1237

Қазақстанның әуе компаниялары ЕО-ның "қара тізімінен" шығарылуы мүмкін

Қазақстандық әуе компанияларын Еуропалық одақтың қауіпсіздігі жеткіліксіз әуе тасымалдаушылардың тізімінен шығару  мәселесі 23 қарашада қаралатын болады. Бұл туралы Қазақстанның инвестициялар және даму жөніндегі министрлігінің азаматтық авиация комитеті төрағасы Бекен Сейдахметов мәлім етті, деп хабарлайды "Интерфакс-Казахстан".

"23 қарашада  есептік комиссияға барамыз. Онда  қазақстандық әуекомпанияларына салынған шектеуді алу туралы шешім қабылданатын болады.  Егер саясат араласпаса, онда мәселе шешілетініне сенімдімін", – деді Сейдахметов тілшілерге.

Оның айтуынша, қазіргі таңда  ХААҰ талаптарына қазақстандық әуекомпаниялары 74%-ға сәйкес келеді. 

"Бұл еуропалық орташа деңгейге тән көрсеткіш.  Бұл өте жақсы көрсеткіш, ТМД-ның көптеген елдерінен жоғары", –  деп атап өтті Сейдахметов.

Айта кетейік,  Еуропалық одақтың қауіпсіз ұшулар бойынша тізіміне ЕО-да ұшуға тыйым салынған немесе шектеу қойылған әуекомпаниялар енгізіледі. Аталмыш тізімде қазақстандық әуе тасымалдаушылары да бар. Өткен жылдың желтоқсанында Еуропалық комиссия тізімді жаңартып, одан Air Astana әуе компаниясын шығарған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу