Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, дауылды жел соғады

261

​Синоптиктер бұршақ, найзағай және оңтүстікте шаңды дауыл болатынын ескертті.  

Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, дауылды жел соғады Фото: azattyq-ruhy.kz

23 шілдеде Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Синоптиктердің болжамынша, елдің солтүстігінде, шығысында, орталығында, сондай-ақ оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында кей жерлерде қатты жауын-шашын түседі.

Ел аумағында жел күшейіп, найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Ал оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл тұру ықтималдығы бар.

Астанада құбылмалы бұлтты ауа райы сақталады. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей жерлерде бұршақ түсуі мүмкін. Ауа температурасы түнде +13, +15 градус, күндіз +23, +25 градус болады.

Алматыда да жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Түнгі ауа температурасы +19,+21 градус, күндіз +29,+31 градусқа дейін көтеріледі.

Шымкентте құбылмалы бұлтты ауа райы сақталып, жаңбыр мен найзағай болжанып отыр. Ауа температурасы түнде +19,+21 градус, күндіз +30,+32 градус болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу