Қазақстанның солтүстік және шығыс өңірлерінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел күшейіп, кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ал еліміздің оңтүстігі мен батысында аптап ыстық сақталады. Кей өңірлерде ауа температурасы +42 градусқа дейін көтеріледі.
Астанада күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Ауа температурасы түнде +11, +13 градус, күндіз +26, +28 градусқа дейін көтеріледі.
Алматыда да күн ала бұлтты, жауын-шашын күтілмейді. Түнде ауа температурасы +18, +20 градус, күндіз +32, +34 градус болады.
Шымкентте күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +20, +22 градус, күндіз +35, +37 градусқа дейін жетеді.