Қазақстанның бірқатар өңірінде өрт қаупі сақталып, үсік пен тұман күтіледі

272

Бірқатар өңірде қатты жел күтіледі.

Қазақстанның бірқатар өңірінде өрт қаупі сақталып, үсік пен тұман күтіледі Фото: dauletten.kz

4 қарашада Қазақстанның бірнеше өңірінде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сонымен қатар бірқатар облыста тұман түсіп, үсік жүреді. Кей жерлерде қатты жел, жаңбыр, қар және көктайғақ күтіледі.

"Қазгидромет" мәліметінше, Шымкент, Алматы, Қонаев, Талдықорған және Түркістан қалаларында жоғары өрт қаупі сақталады.

Өрт қаупі

Жетісу облысында жоғары өрт қаупі, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, орталығында, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында жоғары өрт қаупі күтіледі.

Алматы облысының басым бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, батысында және шығысында жоғары өрт қаупі бар.

Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысының батысында жоғары өрт қаупі күтіледі.

Ұлытау облысының батысы мен орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі бар.

Ақтөбе облысының шығысында, батысында, оңтүстігінде және орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, батысында, оңтүстігінде және шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі.

Атырау облысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысында жоғары, орталығында төтенше өрт қаупі күтіледі.

Үсік, тұман және жел

Алматы облысының солтүстігінде түнде 4 градусқа дейін үсік жүреді. Жетісу облысында түнде ауа температурасы 2-7 градусқа дейін төмендейді. Талдықорғанда 4-6 градус үсік күтіледі. Қызылорда облысының солтүстігінде 2 градус үсік жүруі мүмкін.

Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Ұлытау, Шығыс Қазақстан, Абай, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарының бірқатар аумағында түнде және таңертең тұман түседі. Орал, Петропавл, Павлодар, Қарағанды және Жезқазған қалаларында да тұман күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының шығысы мен таулы аудандарында қар жауып, көктайғақ болады.

Түркістан облысының таулы аудандарында күндіз кей уақыттарда қатты жаңбыр жауады. Түнде және таңертең тұман түседі. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Алматы облысының шығысы мен таулы аудандарында, Іле Алатауында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Жетісу облысында солтүстік-батыстан жел соғып, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Маңғыстау облысының батысында күндіз оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу