6 қарашада Қазақстанның бірқатар өңірінде қолайсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады. Кей жерлерде жауын-шашын қатты болуы мүмкін.
"Қазгидромет" мәліметінше, Ақтөбе облысында желдің екпіні 25 м/с-қа дейін жетеді. Батыс Қазақстан облысында түнде және таңертең тұман түсіп, көктайғақ болады. Атырау облысының солтүстігі мен шығысында қатты жауын-шашын күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болуы ықтимал. Ал Ақмола, Қостанай, Қарағанды, Ұлытау және Қызылорда облыстарында жел күшейеді. Кей өңірлерде оның екпіні 23-28 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.
Сонымен қатар Павлодар, Абай, Шығыс Қазақстан, Түркістан және Жамбыл облыстарында тұман күтіледі. Алматыда 1-6 градус және Жетісу облыстарында түнде 2-7 градусқа дейін үсік жүреді . Жетісу облысында ауа температурасы 2-7 градусқа дейін төмендейді.
Астана қаласында желдің екпіні 20 м/с-қа дейін жетсе, Алматыда жоғары өрт қаупі сақталады. Бірқатар өңірде жоғары және төтенше өрт қаупі де жарияланған.