Қазақстанның бірнеше облыстарында дауылды ескерту жарияланды

1093

Дауылды ескертудің ықтималдылығы 85-100 %. 

Қазақстанның бірнеше облыстарында дауылды ескерту жарияланды

"Қазгидромет" РМК  2 мамырға арналған ауа райы болжамын хабарлады. 2 мамырда Түркістан облысының кей жерлерінде күндіз қатты жаңбыр жауады. Кей жерлерінде найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Ал Түркістан қаласында таңертең және күндіз найзағай, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа  ауысады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Шымкентте күндіз қатты жаңбыр жауады. Кей уақытта найзағай, дауыл күтідеді. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа  ауысады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі.

Петропавл қаласында күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі.

Таңертең және күндіз 2 мамырда Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, тұман болуы ықтимал. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші күндіз кей жерлерінде 15-20 м/с жел болуы мүмкін. Қостанайда  күндіз  оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болада деп күтілуде.

Ақмола облысында күндіз кей жерлерде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с болады.

Қызылорда облысында күндіз кей жерлерде найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу