Қазақстанның бірнеше өңірінде сот басшылары ауысты

191

Президент жарлығы 2026 жылғы 29 шілдеде қол қойылған күннен бастап күшіне енді.  

Қазақстанның бірнеше өңірінде сот басшылары ауысты Фото: Inbusiness.kz коллажы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің барлық өңіріндегі сот төрағаларын, сот алқаларының төрағаларын және судьяларды қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы ауқымды кадрлық өзгерістер жөніндегі жарлыққа қол қойды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ең ауқымды өзгерістер бірнеше өңірдің сот басшыларына қатысты болды. Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында жаңа сот төрағалары тағайындалды. Олардың басым бөлігі бұған дейін сот алқаларының төрағалары қызметін атқарған.

  • Ақмола облыстық сотының төрағасы – Исатай Сматов;
  • Ақтөбе облыстық сотының төрағасы – Әлібек Ахметов;
  • Алматы облыстық сотын – Нариман Бекназаров;
  • Қарағанды облыстық сотын – Ғалым Күлекеев;
  • Шығыс Қазақстан облыстық сотын – Төлеген Қасымов басқарады.

Алматы және мамандандырылған соттардағы өзгерістер

Алматыда аудандық соттардың басшылары ауысты.

Алатау аудандық сотының төрағасы болып Дәулет Арқинов тағайындалды.

Алмалы аудандық сотының төрағасы – Жанат Әбенова.

Сонымен қатар Абай, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қарағанды және Қостанай облыстарындағы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік, қылмыстық және аудандық соттарға да жаңа басшылар тағайындалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу