Қазақстанның БҰҰ-ға қосылуына арналған пошталық маркалар қолданысқа енгізілді

798

Қазақстанның БҰҰ-ға қосылуына арналған пошталық маркалар қолданысқа енгізілді

Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан Республикасының Біріккен ұлттар ұйымына қосылуының және мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесті (АӨСШК) шақыру туралы бастамасының 25-жылдық мерейтойларына арналған пошталық маркаларды енгізу рәсімі өтті, деп хабарлайды .
Рәсімге сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев пен "Қазпошта" акционерлік қоғамының атқарушы директоры Сәуле Егембердиева қатысты.
"БҰҰ-дағы мүшелігінің жылдары Қазақстан мемлекеттердің халықаралық қауымдастығына сәтті енумен ғана шектеле қоймай, онда салмақты орынға иеленді. Түрлі жылдары еліміз БҰҰ алаңдарында әлемдік қоғамдастық талап еткен бастамаларды, соның ішінде АӨСШК-ні іске асырды", - деді Ержан Ашықбаев алғысөзінде.
Сондай-ақ, сыртқы саяси ведомство басшысының орынбасары "ширек ғасыр ішінде әлемдік саясатта беделді орынға иеленген АӨСШК Азиядағы қауіпсіздік пен сенім шараларының тиімді құралы мәртебесіне айналуына толықтай негіздемелері бар" екенін атап өтті.
"Ұмытылмас және мерейтойлық даталар" сериясынан ұсынылған пошталық маркалар төртбояулы офсетті баспамен, 20 маркадан тұратын маркалы парақ түрінде жасалған, таралымы 10 000 дананы құрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу