Онда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мінберге шығып, климат дағдарысына қарсы күресте Қазақстанның нақты іс-қимылға көшкенін жария етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Климат тек экологиялық мәселе емес, бұл – жаһандық қауіпсіздікке төнген қатер" деп ерекше атап өтті Мемлекет басшысы. Өз кезегінде Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстанның 2060 жылға дейін көміртегінен бейтарап ел болуға бейілді екенін растады. Президент көмірге тәуелділікті азайту, жасыл энергетиканы дамыту, Каспий теңізі мен Арал өңірін сақтау бағытындағы атқарылып жатқан шараларды да нақты атады.
Бір ерекшелігі, Қазақстан бұл саммитте Орталық Азия елдері атынан сөйлей отырып, аймақтық климаттық қаржыландыру орталығын құру жайлы ұсыныс айтты. Бұл – климат саласындағы әділеттілік пен қолжетімділік қағидаттарын нығайтуға бағытталған маңызды бастама.
Сондай-ақ, еліміз жаһандық жасыл жобаларға инвестиция тарту, су тапшылығы мен шөлейттенуге қарсы ғылыми негізделген шешімдер ұсыну бойынша да баяндама жасады. COP29 шеңберінде еліміздің "Жасыл Қазақстан" тұжырымдамасы жоғары бағаланып, Еуроодақ пен Азия даму банкі тарапынан қолдау тапты. Мұны өзі – түсіне білгенге үлкен жетістік. Әлбетте, климат тақырыбындағы бұл батыл үндеу Қазақстанның жаһандық жауапкершілікке бейжай қарамайтынын тағы бір дәлелдеді.