Қазақстанның ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 56% артты

726

Қазақстанның ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 56% артты

Қазақстанның ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 2017 жылдың қаңтар-ақпанында 56% артты, деп хабарлайды ҚР ҰЭМ Статистика комитеті.

2017 жылдың қаңтар-ақпанда Қазақстанның ЕАЭО елдерімен өзара саудасы – 2582,7 млн АҚШ долларын құрап, 2016 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 56%-ға артты, соның ішінде экспорт – 742 млн, импорт – 1840,7 млн АҚШ доллары.

Комитет өкілдерінің хабарлауынша, Қазақстан экспортының басым бөлігін минералды өнімдер, металдар және олардан жасалған бұйымдар, химиялық өнеркәсіп өнімдері, мал және өсімдік өнімдері, дайын азық-түлік тауарлары құрады.

ЕАЭО елдерінен үлкен дәрежеде химиялық өнеркәсіп өнімдері, минералды өнімдер, машина және жабдықтар, металл және одан жасалған бұйымдар, мал және өсімдік өнімдері, дайын азық-түлік тауарлары әкелінеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу