Қазақстанның екі биосфералық резерваты ЮНЕСКО-ның тізіміне енгізілді

1636

Шарын мен Жоңғар бойынша номинациялық досье халықаралық сарапшылардан оң баға алды.

Қазақстанның екі биосфералық резерваты ЮНЕСКО-ның тізіміне енгізілді

ЮНЕСКО-ның "Адам және Биосфера" бағдарламасының халықаралық үйлестіруші кеңесінің 30-сессиясында Қазақстанның Шарын мен Жоңғар екі биосфералық резерваты ЮНЕСКО-ның Халықаралық биосфералық резерваттар желісіне енгізілді. Бұл шешім Индонезияның Палембанг қаласында қабылданды, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.

Аталған оқиға ауқымды еңбектің нәтижесі, өткен жыл бойы Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясының сарапшылармен дайындалған Шарын мен Жоңғар бойынша номинациялық досьесі халықаралық сарапшылармен алдын ала оң бағаланып, нәтижесінде Халықарылық кеңеспен мақұлданды.

Шарын биосфералық резерват көлемі 239,7 га орналасқан Алматы облысының және Іле тауаралық қазаншұңқырдың орталық бөлігінің бірегей биогеожүйесі болып табылады. Резерват Шарын өзенінің реликтілік шаған орманын каньон сипаттас таңғарымен, қарамағындағы учаскелердің шөлдері мен Үлкен-Боғыт жотасының тау даласын біріктіреді және өңірдің биологиялық әртүрлілігін сақтауда маңызды рөл атқарады.

Жоңғар Биосфералық резерваты 645,6 га. Алматы облысындағы Жетісу Алатау жотасының солтүстік макробөктерінде орналасқан және Солтүстік Тянь-Шань тауының барлық тау экожелісін қамтиды. Аталған резерват биологиялық әртүрлілікті сақтауға ғана емес, барлық алманың мәдени сорттарының арғыатасы болып табылатын алманың жабайы өсетін түрі – Сиверса алмасының генофондын қорғауға аса маңызды және оны қайта қалпына келтіруге негіздеме бола алады.

Қазақстандық биосфералық резерваттардың тізімі екі объектімен толықтырылды және он биорезерваттардан құралады: Ақ-Жайық, Ақсу-Жабағлы, Қорғалжын, Алакөл, Қатон-Қарагай, Барсакелмес, Қаратау, Алтын-Емел, Шарын және Жоңғар.

Халықаралық мәртебе ЮНЕСКО-ның жаңа биосфералық резерваттарына халықаралық ынтымақтастықты, ішкі және сыртқы туризмді тиімді дамытуға, сонымен қатар, тұрақты дамудың принциптерін енгізуге үлгі бола алатын аумақтарға айналуға мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу