Форбс журналы Қазақстанның ең ауқатты 50 кәсіпкерінің тізімін жаңартты. Бірінші орынға араға 3 жыл салып, Владимир Ким қайта шығып отыр. Өткен жылдың сәуірінен бері металл королінің байлығы 800 млн долларға артып, 2,5 млрд-қа жетіпті.
Рейтингтің екінші орны Болат Өтемұратовқа тиесілі. 59 жасар кәсіпкердің байлығы бүгінгі күні 2 млрд 400 млн. Қазірде ол Glencore-дың миноритарлы, ForteBank-тің мажоритарлы акционері. Артел мен Скай мобилдің 25 және 49,9 пайыз акциясы осы Болат Өтемұратовқа тиесілі.
Үздік үштікті 2 млрд 200 млн-дық байлығымен Тимур Құлыбаев түйіндейді. Оның ізін ала рейтингті Динара Құлыбаева, Алиджан Ибрагимов, Рашит Сәрсенов, Кеңес Рақышев және Дәурен Жақсыбек жалғастырады. Ең ауқаттылардың байлығының жалпы құны 11,3 млрд долларға жетіп отыр.
Автор: Кәусар Аяпберген