Қазақстанның халықаралық резерві 92 миллиард доллардан асты

914

Қазақстанның халықаралық резерві 92 миллиард доллардан асты

2017 жылдың маусымынан бастап ұлтық банктің жалпы халықаралық резерві 30,0 млрд долларды құрады. Оның ішінде шетел валютасындағы активтер — 18,9 млрд доллар, ал алтындағы активтер 11,2 млрд доллар болды, деп хабарлайды 7kun.kz.

Ұлттық банктегі үкімет шотына қаржы түсу мен тұтынушылар шотындағы шетел валютасындағы қалдықтың артуы ішінара бейтараптандырылды. Оған себеп - Ұлттық қор активтерін толтыру, үкіметтің сыртқы қарыздарына қызмет көрсету, банктер арасындағы валюталы-пайыздық айырбас операцияларын аяқтау.

Сонымен қатар, банктердің корреспонденттік шоттарында шетел валютасындағы қалдық азайды және ішкі нарықта валюта сатылымы жүзеге асты.

2017 жылдың маусымында елдің халықаралық резервтері (ұлттық қордың шетел валютасындағы активтерін қосқанда (62,2 млрд доллар)) 92,2 млрд долларды құрады.

Осы жылдың маусымында қаражат базасы 6,5 пайызға қысқарып 5173,9 млрд теңгені көрсетті. Ал ұлттық банктің екінші деңгейлі банктердегі депозиттерін есептемегендегі қаржы базасы 2,3 пайызға төмендеп 4862,3 млрд теңге болды.

Жалпы қаржы массасы 1,2 пайызға артып 19 690,7 млрд теңгені құрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу