Қазақстанның халықаралық резервтері 33,4 млрд долларға жетті

660

2022 жылғы сәуірде Қазақстанның халықаралық резервтері бір айда 0,8% өсіп, 33,4 млрд доллар болды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қазақстанның халықаралық резервтері 33,4 млрд долларға жетті

"Ұлттық банктің жалпы халықаралық резервтері 33,4 млрд доллар болып, 0,8% өсті.
Алтын портфелі ұлғаюы және Қаржы министрлігінің Ұлттық банктегі шоттарына қаражат түсуі есебінен алтын валюта резервтері өсті. Алтын портфелі басым құқықты іске асыру шеңберінде алтынды сатып алуға байланысты 200 млн доллардан астам өсті", - деп жазылған хабарламада.

ЕДБ-ның Ұлттық банктегі корреспонденттік шоттарынан қаражат әкетілуінен оң факторлардың әсері ішінара реттелді.

"Елдің жалпы халықаралық резервтері, жалпы алғанда, Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтерін (52,5 млрд доллар) қоса, 2022 жылғы сәуірдің соңында 85,9 млрд доллар болды", - деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ биыл сәуірде ақша базасы 7,6% тарылып, 9 968,0 млрд теңгені құрады (жыл басынан бастап 9,0% тарылды). Тар ақша базасы, яғни екінші деңгейлі банктердің Ұлттық банктегі мерзімді депозиттерін есептемегендегі ақша базасы 7 242,4 млрд теңгеге дейін 0,4% (жыл басынан бастап 4,3%) кеңейді.  

2022 жылғы сәуірде ақша массасы 28 984,2 млрд теңге болып, 1,8% (жыл басынан бастап 3,7%) төмендеді, айналыстағы қолма-қол ақша 3 106,6 млрд теңгеге дейін 1,6% (жыл басынан бастап 3,6%) өсті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу