Қазақстанның халықаралық жылжымалы көрмесі Мажарстанға жетті

883

Ұлы Даланың мәдени қазынасы Мажарстанда таныстырылды.

Қазақстанның халықаралық жылжымалы көрмесі Мажарстанға жетті

Мажарстанның Сазхаломбатта қаласының "Матрика" музейінде Қазақстанның Орталық мемлекеттік музейінің "Ұлы Даланың тарихи-мәдени келбеті" көрмесінің тұсаукесері өтті, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.

 

Халықаралық жылжымалы көрме Қазақстанның ежелгі көшпенділер мәдениеті мен дәстүрлі қазақ өркениетінің құрылымдық және функционалдық ерекшеліктері жөнінде білуге мүмкіндік береді.

 

Екі бөлмеден тұратын көрмеде мажар көрермендерінің назарына ерте көшпенділер мәдениеті (б.э.д. IX - б.э. ІІІ ғ.) және қазақтың тарихи этнографиясы яғни қазақтың дәстүрлі мәдениеті ұсынылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу