Қазақстанның импорты шетел валютасына шамадан тыс сұраныс тудыруда

616

Елде іскерлік белсенділік қайта қалпына келіп, бұл фактор өз кезегінде импорттың өсуіне де ықпал еткен, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Қазақстанның импорты шетел валютасына шамадан тыс сұраныс тудыруда

"Биыл шілдеде теңге бағамы мұнай бағасының өсуі аясында бір АҚШ доллары үшін 424,45 теңгеге дейін, яғни 0,7%-ға нығайды. Шілде айындағы құбылмалылыққа қарамастан, мұнай бағасы 76,33 АҚШ долларына дейін (1,6%-ға) өсті. ОПЕК+ елдерінің тамыздан бастап мұнай өндіруді ай сайын ұлғайту туралы уағдаластыққа келісуі, сондай-ақ АҚШ-тағы қорлардың төмендеуі және отынға сұраныстың өсуі туралы деректер мұнай бағасын қалыптастыруға ықпал еткен негізгі факторларға жатады", - деді Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев.

Оның айтуынша трансферттер бөлу үшін Ұлттық қор активтерін конвертациялау, квазимемлекеттік сектордың 480 млн АҚШ доллары сомасына сатуы және экспорттаушылардың салық төлемдері кезеңінде биржалық нарықта валюталық түсімді конвертациялауы теңгеге қосымша қолдау көрсеткен.

"Әйтсе де іскерлік белсенділіктің қалпына келуі аясында тұтыну тауарлары импортының жоғары өсу қарқыны шетел валютасына шамадан тыс сұраныс тудыруды және теңгенің нығаюына шектеуші әсер етуді жалғастыруда", - дейді ол.

Аян Бекенұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу