"Қазақстанның инвестициялық қоры" АҚ сатылымға шығарылды

902

 "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ өзінің еншілес ұйымы – "Қазақстанның инвестициялық қоры" АҚ (ҚИҚ) жекешелендіруге шығарды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы  

"Қазақстанның инвестициялық қоры" АҚ сатылымға шығарылды

Холдинг Фондтың өзіне тиесілі 100% жай акцияларын ("Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 908 қаулысымен бекітілген) Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспары шеңберінде сатады.

Сауда-саттық "Ақпараттық-есептеу орталығы" АҚ порталында өтеді (gosreestr.kz). Толығырақ ақпарат көрсетілген порталда орналастырылған. Сауда-саттық күні (бағаны көтеру үшін аукцион) – 2021 жылғы 17 тамыз.

ҚИҚ стресті активтерді іске қосу және өндірістік объектілерге салынған мемлекеттік қаражатты кейіннен қайтару жолымен экономикалық айналымға тартумен айналысатындығын айта кетеміз.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу