Қазақстанның қай қаласында қашықтан жұмыс істеген тиімді?

880

Ұсыныстардың көбі Алматы мен Нұр-Сұлтанда шоғырланған.

Қазақстанның қай қаласында қашықтан жұмыс істеген тиімді?

Қазақстанда қашықтан жұмыс істеуге ең қолайлы қалалар – Алматы мен Нұр-Сұлтан, деп жазды inbusiness.kz тілшісі hh.kz-ке сілтеме жасап.

Аталған мегаполистерде қашықтан жұмыс істеу бойынша ең көп ұсыныстар тіркелген. 2021 жылы Алматыда төрт мыңға жуық, ал Нұр-Сұлтанда үш мыңға жуық жұмыс беруші осындай талаптар бойынша маман іздеген. Олардан кейін Қарағанды, Шымкент және Атырау тұр.

2021 жылы жұмыс берушілер қашықтан жұмыс істейтіндерге ұсынғысы келген орташа жалақы 156 000 теңге болған.  Дегенмен, елордада ол әлдеқайда жоғары – шамамен 312 мың.  Одан кейінгі жоғары жалақы Алматыда  – 240 мың теңге және Шымкентте – 215 мың теңге.

Өз қызметкерлеріне кеңседен тыс жұмыс істеу мүмкіндігін ұсынуға дайын компаниялардың жетекші үштігіне мыналар - ақпараттық технологиялар, іскерлік қызметтер және білім беру мекемелері (мемлекеттік емес)  кірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу