Қазақстанның кейбір облыстарында қатты аяз болады

287

Бұл туралы "Қазгидромет" РМК хабарлайды. 

Қазақстанның кейбір облыстарында қатты аяз болады  Фото: inbusiness.kz

5 желтоқсан күні Астанада және елдің 13 өңірінде дауылды ескерту жарияланды, деп жазады inbusiness.kz сайты "Қазгидромет" РМК-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астана қаласында көктайғақ болады деп болжанады. Түнде жаяу бұрқасын жүріп, оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді.

Ақмола облысында көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында боран соғады, өңірдің батысында, оңтүстігінде тұман болады деп болжанып отыр. Түнде облыстың басым бөлігінде оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, шығысындағы екпіні 23-28 м/с, күндіз өңірдің солтүстігінде, шығысындағы екпіні 15-20 м/с құрайды.

Қостанай облысында ауа температурасы күндіз 0, -5 градустан -10,-15 градусқа дейін күрт төмендейді деп күтіледі, ал облыстың батысында сынап бағаны -18 градусқа дейін жетеді.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ болады, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Ал облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Өңірдің солтүстігінде оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Ақтөбе облысының солтүстігінде көктайғақ, облыс орталығында, оңтүстігінде тұман болады деп болжанады. Кешке қарай өңірдің батысында, орталығында жаяу бұрқасын болады. Облыс орталығында, батысында оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 18 м/с құрайды. Сынап бағаны -2, +3 градустан -7,-12 градусқа дейін күрт төмендеп, облыстың батысында -15 градус суық болады деп күтіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу