Қазақстанның көк паспортымен қанша елге визасыз баруға болады?

699

Қазақстан азаматтары 77 елге визасыз кіре алады.   

Қазақстанның көк паспортымен қанша елге визасыз баруға болады? Фото: inbusiness.kz

Қазақстан мықты төлқұжаттар бойынша Henley Passport Index рейтингінде 68-орынды иеленді. Шілдедегі нәтижемен салыстырар болсақ, еліміздің көгілдір төлқұжаты екі саты төмендеген, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Әлемдегі ең мықты төлқұжат әлі де Сингапур еліне тиесілі - бұл құжатпен 193 елге визасыз кіруге болады.

Екінші орынға бірден сегіз мемлекет жайғасқан, бұл елдердің азаматтары 190 мемлекетке арнайы рұқсатсыз кіре алады екен:

Финляндия;
Франция;
Германия;
Италия;
Жапония;
Оңтүстік Корея;
Испания;
Швеция.

Үшінші орынды алты ел өзара бөлісті: Австрия, Дания, Ирландия, Люксембург, Нидерланды және Ұлыбритания.

Қазақстан төлқұжаты 68-орында - біздің елдің азаматтары 77 елге визасыз кіре алады. 

Рейтинг соңында Ирак, Сирия және Ауғанстан тұр. Бұл елдің азаматтары небары 29, 28 және 27 елге визасыз кіре алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу