Қорғаныс министрі Түркияға ресми сапармен барды

87

Сапар "Анытқабыр" мемориалдық кешеніндегі Мұстафа Кемал Ататүрік ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімінен басталды.  

Қорғаныс министрі Түркияға ресми сапармен барды Фото: gov.kz

ҚР Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов Түркия Республикасына ресми сапармен барып, бірқатар кездесулер өткізді. Министр әскери объектілерді, оқу мекемелерін және қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің кәсіпорындарын аралады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Осыдан кейін Қазақстан қорғаныс ведомствосының басшысы мен Түркияның Ұлттық қорғаныс министрі Яшар Гүлер арасында келіссөздер өтті. Тараптар өзара мүдделі салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен даму перспективаларын талқылады.

Бұдан өзге, Түркия Қарулы күштері Бас штабының бастығымен де кездесу өтті.

Екі елдің қорғаныс ведомстволары арасындағы әскери ғылым, білім, жауынгерлік даярлық және әскери-техникалық саладағы өзара іс-қимыл әскери ынтымақтастық туралы екіжақты келісім негізінде жүзеге асырылып келеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу