Қазақстанның коронавирусқа байланысты эпидахуалы нашарлады

1015

Соңғы айда Қазақстанның коронавирус инфекциясына байланысты эпидемиологиялық ахуалы нашарлаған. Еліміз індеттің өршу қаупі жағынан "сары аймаққа" ауысты, бұған дейін еліміз қауіпсіз "жасыл аймақта" тұрған еді.

Қазақстанның коронавирусқа байланысты эпидахуалы нашарлады

Елдің эпидемиологиялық жағдайын Орталық коммуникациялар қызметі алаңында баяндаған ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі, бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов Қазақстанда 13 қаңтардағы жағдай бойынша COVID-19-дың оң нәтижесі бар 164 477 науқас және КВИ- 46 499 жағдай тіркелгенін атап өтті. Ауырғандардың  87%-ы сауығып шықса, оның ішінде 150 427-сы – КВИ+ және 34 118-сі КВИ- сырқатты науқастар. 

Ерлан Қиясовтың дерегінше, қазір ауруханаларда 5732 адам ем қабылдауда. Ал жан сақтау бөлімінде 357 науқас жатыр.

"Қазақстанның қаңтар айындағы эпидемиологиялық ахуалы төмендеді. Өңірлердегі жағдай да көңіл көншітерлік емес. Атап айтсақ, Қостанай мен Ақмола облыстары "сарыдан" "қызыл аймаққа" өтті. "Сары аймақта" Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Павлодар облыстары тұр.Соңғы айда сырқаттанғандардың саны Атырауда айтарлықтай өсті. Онда коронавирус жұқтырғандар 3,7  есеге артты. Алматы облысында – 1,8 есеге, Қарағанды облысы және Алматы қаласында 1,5 есеге өсті", – дейді бас мемлекеттік санитарлық дәрігер.

Қымбат Нұрғали

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу