Қазақстанның күріші Иранға жол тартты

886

Қазақстанның күріші Иранға жол тартты

Қызылорда облысының Қармақшы ауданындағы "Ақтөбе және К" ЖШС  Иранға тоннасы 500 мың теңгеге бағаланған күріштің алғашқы партиясын жөнелтті.  Салыстыру үшін айтар болсақ,  жергілікті күріш өсірушілер  ішкі нарықта күрішті әр тоннасына  150 мың теңгеден өткізеді, деп хабарлайды "Казах-Зерно" АА.

"2016 жылдың ақпанында Иранда болып қайттық. Ол жақтан өнімділігі жоғары "Таром" сұрпын әкелгенбіз.  Оны шаруашылығымызда егіп, өнім алып, енді Иранға саудалап отырмыз.  Биылғы егіс науқанында  150 гектар алқапқа аталмыш күріш сұрпын екпекшіміз", – дейді шаруашылық директоры Нұрлан Іздебаев.

Облыста Қытайға және Түркияға күріш саудасын жолға қою жұмысы жүргізіліп жатыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу