Қазақстанның Қытаймен тауар айналымы 1,5 есе өскен

997

ҚХР-дың елімізбен сыртқы сауда айналымындағы үлесі 16%-дан асады.

Қазақстанның Қытаймен тауар айналымы 1,5 есе өскен

Қазақстанның Қытаймен тауар айналымы бір жылда 1,5 есе өсті, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы finprom.kz-ке сілтеме жасап.

Биыл қаңтарда Қазақстанның Қытаймен тауар айналымы 1,4 млрд долларға жетті, бұл өткен жылмен салыстырғанда 53,4%-ға артық.

2022 жылғы бірінші айда Қытайға экспорт көлемі импорт көлемінен асып түсті. Экспорт бір жылда 77,9% немесе 771,7 млн долларға дейін өсті. Қазақстаннан экспортталатын барлық тауардың көлеміндегі Қытайдың үлесі – 12,7%. 

Импорт 31,8% немесе 648,5 млн долларға өскен. ҚХР-дың үлесі – 23,8%. 

Қазақстан резиденттерінің қытайлық инвесторлар алдындағы міндеттемесі – 2021 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 13,5 млрд доллар болды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 0,4%-ға артық. Көрсеткіш екі жылдық құлдыраудан кейін өскен.

Сондай-ақ еліміздің тауар айналымы құрылымындағы Қытайдың үлесі – 16,1%. 

Былтыр қазанда қытайлық инвесторлар қаражаттың көп бөлігін еліміздегі өңдеу өнеркәсібі саласына құйған (2,8 млрд доллар, бір жылда плюс 2,2%). 

Танымал салаларға көлік және қойма (2,6 млрд доллар, бір жылда минус 21,5%), сауда, көлік жөндеу (2,1 млрд доллар, бір жылда плюс 20,3%) енді. 

2021 жылғы қаңтар-қыркүйекте қытайлық инвесторлар құйған тікелей инвестиция 1,5 млрд доллар болды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,9 есе көп.

2020 жылғы ұқсас кезеңде Қытайдың тікелей инвестиция бір жылда 57,7% немесе 521,8 млн долларға азайды.

2022 жылғы 1 наурызда Қытайдың қатысуымен жұмыс істеп тұрған 1,5 мың компания тіркелді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 17,4% артық.

Мұндай компаниялардың көпшілігі көтерме және бөлшек сауда, көлік жөндеу, құрылыс және тау-кен өнеркәсібінде жұмыс істейді. Үздік бестікке өңдеу өнеркәсібі, ғылыми және техникалық қызмет енді.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу