Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген шағаланың 1200-і қырылып қалды

809

"Ақжайық" мемлекеттік табиғи резерватында құстардың жаппай қырылуы тіркелді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген шағаланың 1200-і қырылып қалды

Аймақты тексеріс кезінде мыңнан астам Үлкен қарқылдақ, 1200-ден астам Қылаң қарабас шағала және үш жүз Өгіз шағаланың өлексесі табылған. 

Аталған түрлердің ішінде Қылаң қарабас шағала құсы Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. 

"Бес құстан, оның ішінде үш Қылаң қарабас шағаладан және екі Өгіз шағаладан ішкі құрылыстарының сынамасы алынып, сараптамаға жолданды", – дейді Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметінен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу